Марафон – адам ағзасы үшін үлкен сынақ. Жарыс кезінде жүрек орта есеппен өз мүмкіндігінің 75–85%-да жұмыс істейді, буындар 30 мыңға дейін соққы жүктемесін көтереді, ал бұлшықеттер гликоген қорының барлығына жуығын жұмсайды. Тіпті 10 км немесе жартылай марафон да – ағзаға айтарлықтай салмақ түсіреді, сондықтан кез келген қашықтыққа дайындық маңызды.

Сенімді түрде сөреге шығу үшін чекаптан (алдын ала тексеру) өтіп, денсаулық жағдайын бағалауға кеңес береміз. Almaty Marathon-ның ресми медициналық серіктестері әртүрлі нұсқалар ұсынады – біз негізгісін жинап, олардың айырмашылығын түсіндірдік.

KAZMED

KAZMED клиникасы марафоншыларға арналған арнайы чекаптар ұсынады: 42,2 км, 21,1 км және 10 км қашықтықтары үшін. Тексеруден бір күнде өтуге болады, ең дұрысы – сөреге бірнеше апта қалғанда.

Чекап не үшін қажет?

  • Шамадан тыс шаршау, бас айналу және жүрек соғысының өзгеру себептерін анықтау;
  • Ағзаны жоғары жүктемелер мен жаңа спорттық нәтижелерге дайындау;
  • Жаттығулар мен жарыстан кейін қалпына келуді тиімдірек үйрену;
  • Жүрек, бұлшықет және қалқанша без жағдайын бағалау.


Марафонға арналған чекап (42,2 км)

 

Қамтиды:

  • Терапевт пен кардиолог кеңесі;
  • Зертханалық талдаулар (23 зерттеу);
  • Аспаптық диагностика (ЭКГ, ЭхоКГ, валеоскан);
  • Озонотерапия (7 күн);
  • Қорытынды мен жеке ұсыныстар.

Бағасы: 96 200 ₸ (151 000 ₸ орнына).

 

Жартылай марафонға арналған чекап (21,1 км)

 

Қамтиды:

  • Дәрігерлік тексеру;
  • Зертханалық талдаулар (15 зерттеу);
  • Аспаптық диагностика (ЭКГ, валеоскан);
  • Озонотерапия (5 күн);
  • Қорытынды мен жеке ұсыныстар.

Бағасы: 70 920 ₸ (115 600 ₸ орнына).

 

10 км-ге арналған чекап


Қамтиды:

  • Терапевт кеңесі;
  • Зертханалық талдаулар (11 зерттеу);
  • ЭКГ / ВАЛЕО-диагностика;
  • Озонотерапия (3 күн).

Бағасы: 46 340 ₸ (81 300 ₸ орнына).

Байланыс нөмірі:
+7 700 511 10 17
+7 700 511 10 18

 
TRINITY CORP

Спорттық клиника екі пакет ұсынады: START және PRO. START – жаңадан бастағандар мен үзілістен кейін қайта жүгіретіндерге, ал PRO – тәжірибелі жүгірушілерге арналған.

Чекап не үшін қажет?

  • Жаттығу мен жарысқа рұқсат алу;
  • Ағзаны патологияларға тексеру;
  • Артық жүктеме мен жарақат қаупінен сақтану;
  • Тиімді жаттығу үшін нақты жүрек соғысы аймақтарын анықтау;
  • Жүрек, өкпе, жүйке жүйесі мен дене құрамын тексеру.

START чекабы


  • Жүрек УЗИ;
  • Тредмил-тест немесе ЭКГ (жүктемемен);
  • ЭКГ тыныштықта;
  • Спорттық дәрігердің кеңесі;
  • Іш қуысы ағзаларының УЗИ;
  • ЭЭГ (30 мин);
  • Спирография;
  • InBody дене құрамын талдау.

Бағасы: 67 000 ₸ (75 000 ₸ орнына).
Клубтық жеңілдік 10–20%.

PRO чекабы


  • Жүрек УЗИ;
  • Эргоспирометрия (шыдамдылыққа стресс-тест және нақты жүрек соғысы аймақтары);
  • ЭКГ тыныштықта;
  • Спорттық дәрігердің кеңесі;
  • Іш қуысы ағзаларының УЗИ;
  • ЭЭГ (30 мин);
  • InBody дене құрамын талдау (сыйлық).

Бағасы: 84 000 ₸ (92 000 ₸ орнына).
Клубтық жеңілдік 10–20%.

Байланыс нөмірі:
+7 775 849 55 55

 

Jañalyqtar
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келд
Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі
Қашықтыққа дайынсыз ба? Almaty Marathon алдында қайда тексеруден өтуге болады?