29 маусымда Алматы облысында жыл сайын өтетін ойлы-қырлы жерлерде жүгіру және қала сыртындағы Tau Jarys отбасылық фестивалі өтеді. Бұл – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін, 1500 адам қатысатын төртінші тау жарысы.

Жарыс дәстүрлі түрде Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Кешеннің көркем табиғаты мен жайлы жері жақындарыңызбен белсенді демалыс өткізуге таптырмас мүмкіндік береді. Іс-шара бағдарламасына 2, 6 және 12 км қашықтықтар, сондай-ақ 5 және 10 км скандинавиялық жүріс бойынша жарыстар кіреді. Қонақтар үшін музыкалық және ойын-сауық түрлері қарастырылған.

Tau Jarys – World Athletics ережелеріне, ал скандинавиялық жүріс – Халықаралық спорттық туризм федерациясының (ХСТФ) ережелеріне сәйкес өтеді.

 

«Біз іс-шараны ұйымдастыруда үздік шетелдік тәжірибелерді қолданамыз және Almaty Marathon іс-шараларында әркімнің көңіл көтеруін, жүгірістің сүйікті форматын тауып, спорттық мерекенің жарқын естеліктерін отбасымен және достарымен бөлісуін қалаймыз. Tau Jarys бағдарламасы мен ауқымы мыңнан астам қатысушыны еліктіреді. Мұндай іс-шаралар біздің ұлтты сауықтыру жөніндегі миссиямызды алға жылжытып қана қоймай, жергілікті экономика мен туризмді дамытады», деп атап өтті Орталық Азиядағы ең ірі Almaty Marathon жарысының ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Шара аясында 5 және 10 км «солтүстік (скандинавиялық жүріс)» бойынша ҚР чемпионаты өтеді. Қатысуға жүріс техникасын меңгерген мен қажетті жабдықтары бар кәмелетке толған барлық әйелдер мен ерлер шақырылады.

Tau Jarys-тың мәреңсерген қатысушыларға медаль, ал әр қашықтықтағы әйелдер мен ерлер санатындағы жеңімпаздарға серіктестерден мадақтама қағаздар, ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар беріледі.

Қатысу үшін сөрелік жарнаны төлеу қажет: 2 км балалар қашықтығына (сін е10-14 жас) 8 000 KZT, 6 км жүгіріске және 5 км скандинавиялық жүріске 13 000 KZT, 10 км скандинавиялық жүріске 14 000 KZT, 12 км жүгіріске 15 000 KZT. Қосымша ақыға қатысушылар үшін жайлы автобустармен барып-қайту трансфері ұйымдастырылады. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында жалғасуда.  

Жарысты ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы және Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Jañalyqtar
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келд
Жүгіру туризмі Алматыға миллиардтаған табыс әкеледі
Қашықтыққа дайынсыз ба? Almaty Marathon алдында қайда тексеруден өтуге болады?