2026 ЖЫЛҒЫ «ALMATY MARATHON» СПОРТ ШАРАСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

2026 жылғы «Almaty Marathon» (бұдан әрі — «Спорт шарасы») — негізгі қашықтығы 42 км 195 м болатын жүгіру жарысы, ол сондай-ақ мына қашықтықтарды қамтиды:

  • жартылай марафон — 21 км 97,5 м;
  • 10 км қашықтыққа жүгіру;
  • скандинавиялық жүріс — 10 км;
  • Экиден эстафетасы — 42 км 195 м.

Спорт шарасы — жүгіру және спорт әуесқойларының қалалық мерекесі, оған Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

 

 

 

  1. СПОРТ ШАРАСЫН ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ

 

  • Жүгіру мен скандинавиялық жүрісті насихаттау;
  • Жүгірушілерді халықаралық марафон жарыстарына дайындау;
  • Дені сау ұлт қалыптастыру;
  • Бұқаралық спортты дамыту;
  • Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Зиянды әдеттерден бас тарту;
  • Ерекше қажеттіліктері бар қатысушылар арасында спортты қолдау және дамыту;

 

 

 

  2. СПОРТ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

 

2.1.

 

Спорт шарасын өткізу кезінде жалпы басшылықты «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Спорт шарасын дайындау мен өткізуді ұйымдастыру «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі — «Ұйымдастыру комитеті») жүктеледі.

 

  3. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

 

            3.1.           

Шараға мына жас санаттарындағы адамдардың қатысуына рұқсат беріледі:

  • Марафон — 42 км 195 м — 18 жастан асқан қатысушылар.
  • Жарты марафон — 21 км 97,5 м — 18 жастан асқан қатысушылар.
  • 10 км қашықтығына жүгіру — 15 жастан асқан қатысушылар.
  • Скандинавиялық жүріс — 10 км — 15 жастан асқан қатысушылар.
    • Экиден эстафетасы — 42 км 195 м — 15 жастан асқан алты адамнан тұратын командалар. Команда құрамында кем дегенде бір әйел міндетті түрде болуға тиіс.

            3.2.           

Бір мезгілде бірнеше қашықтыққа және Экиден командаларына қатысуға қатаң түрде тыйым салынады.

            3.3.           

Тіркеу кезінде спорт шарасы өтетін кездегі толық жас мөлшері есепке алынады.

            3.4.           

Жүгіру жарысына қатыса алатындар:

  • Кәсіби және әуесқой спортшылар;
  • Әртүрлі жас топтарындағы қатысушылар (қашықтықтар бойынша анықталады);
  • Жүгіру арбасында баласы бар ата-аналар (тиісті талаптарды сақтаған жағдайда).

            3.5.           

Спорт шарасына Ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында тіркеліп, сөрелік жарнаны төлеген адамдар ғана қатыса алады.

Қатысушылар міндетті:

  • https://almaty-marathon.kz сайтында тіркеуден өтуге;
  • Өзекті жеке деректерді ұсынуға;
  • Осы Ережеде көрсетілген шара ережелерін сақтауға.

 

  4. СПОРТ ШАРАСЫНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

 

            4.1.           

Өтетін күні мен уақыты:

2026 жылғы 27 қыркүйек, сағ. 05:30-дан 14:00-ге дейін

            4.2.           

Өтетін орны: Алматы қаласы.

            4.3.           

Барлық қашықтықтардың сөресі мен мәресі:

  • Республика алаңы

 

 

 

  5. СПОРТ ШАРАСЫНЫҢ ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ МЕН ЖАС САНАТТАРЫ

 

            5.1.           

Бағдарламаға мына қашықтықтар енді:

  • марафон — 42 км 195 м;
  • жарты марафон — 21 км 97,5 м;
  • 10 км қашықтыққа жүгіру;
  • скандинавиялық жүріс — 10 км;
    • Экиден эстафетасы — 42 км 195 м. Жас санаттары:

            5.2.1.           

Марафонның (42 км 195 м) жас санаттары:

  • 18-24 жас
  • 25-29 жас
  • 30-39 жас
  • 40-49 жас
  • 50-59 жас
  • 60-69 жас
  • 70 жастан жоғары

 

5.2.2.

 

Жарты марафонның (21 км 97,5 м) жас санаттары:

  • 18 жастан жоғары

5.2.3.

 

10 км қашықтығындағы жас санаттары:

  • 15-17 жас
  • 18 жастан жоғары

5.2.4.

 

Экиден эстафетасы қашықтығындағы жас санаттары:

  • 15 жастан жоғары

 

 

 

  6. СПОРТ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

 

            6.1.           

Спорт шарасын ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.

            6.2.           

Спорт шарасына барумен, тұрумен және тамақтанумен байланысты барлық шығындарды қатысушылардың өздері немесе қатысушылар сол арқылы шараға қатысу құқығын алған ұйым өз мойнына алады.

 

 

 

  7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ СПОРТ ШАРАСЫНА ЖІБЕРУ

 

7.1.

 

Қатысушыларды жеке қашықтықтарға (42 км 195 м, 21 км 97,5 м, 10 км, скандинавиялық жүріс — 10 км) тіркеу https://almaty-marathon.kz ресми сайтында 2025 жылғы 11 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 14 қыркүйекте немесе лимит 16 000 (он алты мың) қатысушыға жеткен кезде аяқталады.

7.2.

 

Экиден командалық эстафетасында командаларды тіркеу https://almaty-marathon.kz ресми сайтында 2025 жылғы 11 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 07 қыркүйекте немесе Экиден командаларының саны 110-ға (бір жүз онға) жеткен кезде аяқталады.

 

7.3.

 

Корпоративтік қатысушыларды тіркеу info@almaty-marathon.kz электронды поштасына сұраным жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Тіркеу талаптары:

  • Бір компаниядан қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан артық болуға тиіс.
    • Бір компаниядан қатысушылар саны 30 (отыз) адамнан аз болса, қызметкерлер https://almaty-marathon.kz ресми сайты арқылы өз бетінше тіркеледі.

Жеке қашықтықтарға (42 км 195 м, 21 км 97,5 м, 10 км, скандинавиялық жүріс — 10 км) корпоративтік қатысу ақысын Ұйымдастыру комитетінің есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы ұйым немесе компания төлейді. Тіркеу Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына сұраным жолдап, кейіннен арнайы нысанды толтыру арқылы жүзеге асырылады.

7.4.

 

Мына кезеңдерден өткен қатысушы тіркелген болып саналады:

1  -кезең: https://almaty-marathon.kz сайтында таңдалған қашықтық бойынша сауалнама толтырған;

2  -кезең: сөрелік жарнаны төлеген;

3  -кезең: 2026 жылғы Almaty Marathon EXPO шарасына қатысушының сөрелік нөмірін алған. Қатысушылар тізіміне Жарысқа қатысуға өтінім (слот) ақысын төлеген адамдар ғана енгізіледі. Маңызды!

Қатысушыларды тіркеу жарналары «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қорының жарғылық қызметін, соның ішінде шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуін қолдауға бағытталған ерікті мақсатты түсімдер (қайырымдылық көмек) сипатына ие. Бұл жарналар қызметтердің немесе жұмыстардың ақысы емес, коммерциялық кіріс әкелмейді және орындалған жұмыстар актілерін жасау міндетін туындатпайды.

7.5.

 

Шараға қатысу үшін тіркелу және сөрелік жарнаны төлеу арқылы қатысушы осы Ережеде мазмұндалған барлық талаптармен келісетінін растайды.

Сонымен қатар, қатысушы спорт шарасының ережелерімен танысқанын, өз міндеттемелері мен жауапкершілігін түсінетінін, сондай-ақ Ұйымдастыру комитеті белгілеген барлық талаптарды сақтауға міндеттенетінін растайды.

7.6.

 

Қашықтықтардың сөрелік жарналарының құны:

  • Марафон — 42 км 195 м — 25 000 (жиырма бес мың) теңге
  • Жарты марафон — 21 км 97,5 м — 20 000 (жиырма мың) теңге
  • 10 км қашықтыққа жүгіру — 20 000 (жиырма мың) теңге
  • Скандинавиялық жүріс — 10 км — 17 000 (он жеті мың) теңге
  • Экиден эстафетасы — 42 км 195 м — 300 000 (үш жүз мың) теңге

 

7.7.

 

Қашықтықты 2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағат 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) ғана ауыстыруға болады.

Қатысу слоты сатып алынып қойған жағдайда, info@almaty-marathon.kz поштасына қашықтықты ауыстыру туралы жазбаша хабарлама жолдап, мақұлдау алынғаннан кейін 2 000 (екі мың) теңге мөлшерінде техникалық комиссия төлеу қажет.

Қашықтықты қысқасынан ұзынына ауыстырғанда, қатысушы слот құнының айырмасын қосымша төлеуге міндетті.

Қашықтықты ұзынынан қысқасына ауыстырғанда, слот құнының айырмасы қайтарылмайды.

Қашықтық таңдалған қашықтыққа бос слоттар болған жағдайда ғана ауыстырылады. Бұл жағдайда қатысушыға бұрын берілген нөмір жарамсыз деп танылып, таңдалған қашықтыққа сәйкес келетін жаңа нөмір беріледі.

Қашықтықты ауыстыруға қатысты барлық мәселелер бойынша Ұйымдастыру комитетінің info@almaty-marathon.kz поштасына 2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағ. 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) жазу қажет.

7.8.

 

2026 жылға арналған спорт күнтізбеcі шеңберінде Ұйымдастыру комитеті өткізетін бір спорт шарасынан екіншісіне слот ауыстыру 2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағат 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) ақылы негізде жүзеге асырылады.

Қайта рәсімдеу құны — 2 000 (екі мың) теңге. Ауыстыру таңдалған шаралар мен қашықтықтарда бос слоттар болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Слот ауыстырғанда қатысушыға берілген сөрелік нөмір жарамсыз деп танылады. 2026 жылғы басқа спорт шарасы таңдалғаннан кейін тіркеу ресми ашылған күннен бастап қатысушыға таңдалған шараның жаңа сөрелік нөмірі автоматты түрде беріледі. Қайта рәсімдеу құны — 2 000 (екі мың) теңге. Ауыстыру таңдалған шаралар мен қашықтықтарда бос слоттар болған жағдайда ғана мүмкін болады.

7.9.

 

Атаулы сөрелік нөмірлер 2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағ. 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) тіркеліп, сөрелік жарнаны төлеген жағдайда беріледі. Атаулы нөмірде сайтқа тіркелу кезінде «Аты-жөні» бағанында көрсеткен аты-жөніңіз көрсетіледі. Нөмірде никнеймдер, балағат сөздер және ұрандар болмауға тиіс.

Сөрелік нөмірді басып шығарудың алдында деректердің дұрыстығы тексеріледі. Аталған мерзім өткеннен кейін сөрелік нөмірге қатысушының аты-жөні қосылмайды және бұрын көрсетілген деректерге өзгерістер енгізілмейді.

7.10.

 

Спорт шарасына қатысу үшін төленген қаражат қайтарылмайды. Қате көрсетілген немесе басқа адамның сәйкестендіру нөміріне аударылған қаражат та қайтарылмайды.

 

7.11.

 

2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағат 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) тіркеу жарнасын төлеген қатысушы сөрелік нөмірін басқа қатысушыға қайта рәсімдей алады.

Бұл үшін info@almaty-marathon.kz электронды мекенжайына қайта рәсімдеуге өтінім жолдау қажет, өтінім мәтінінде сөрелік нөмір рәсімделетін жаңа қатысушының деректері көрсетіледі.

Жаңа қатысушының деректері дұрыс берілмегеніне Ұйымдастыру комитеті жауапты болмайды. Қайта рәсімдеу құны — 2 000 (екі мың) теңге.

Сөрелік нөмірді қайта рәсімдеу үшін жаңа қатысушы https://almaty-marathon.kz сайтында тіркелген болуға тиіс.

7.12.

 

Сөрелік нөмірі жоқ қатысушылар шараға жіберілмейді.

7.13.

 

Қатысушы сөрелік нөмірін анық көрінетіндей етіп кеуде тұсына немесе бел буатын белдігіне бекітуге тиіс.

7.14.

 

Басқа адамның сөрелік нөмірімен қатысуға тыйым салынады. Қатысушының өз сөрелік нөмірін басқа адамға беру фактісі анықталған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті екі қатысушыны да жарыстан шеттетіп, олардың нәтижелерін жояды және келесі 3 (үш) шараға қатысу мүмкіндігінен айырады.

7.15.

 

Құлаққап тағып қатысуға тыйым салынады.

7.16.

 

Мүгедектер арбасындағы, хэндбайктағы қатысушылар мен арнайы жүгіру арбасында баласы бар қатысушылар бөлек кластерден сөреге шығады. Кластерге кіру үшін 2026 жылғы 14 қыркүйек күні сағ. 18:00-ге дейін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына алдын ала өтінім жіберу қажет. Арбадағы қатысушыда, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарда 2026 жылғы «Almaty Marathon» шарасының өз жеке сөрелік нөмірі болуы міндетті.

7.17.

 

Жүгіру арбасында баласы бар спортшылардың қатысуына қойылатын талаптар:

  • Арба алып жүретін адамның білегіне бекітілетін қауіпсіздік белдігімен жабдықталуға тиіс;
  • Арбаның доңғалақтары үрленетін болуға тиіс;
  • Арбадағы бала қауіпсіздік белдігімен бекітілуге тиіс;
  • Арбаның алдыңғы доңғалақтары бір қалыпта бекітілген болуға тиіс.

Арбаны тіркеуге қатысты барлық мәселелер бойынша Ұйымдастыру комитетінің info@al- maty-marathon.kz поштасына 2026 жылғы 14 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) жазу қажет.


7.18.

 

Мүгедектігі бар қатысушылар қатысу слотын тегін ала алады. Бұл үшін 2026 жылғы 28 тамыз күні сағ. 18:00-ге дейін (Алматы уақытымен) info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім жіберу қажет.

Өтінімде мыналар болуға тиіс:

  • Қатысушының аты-жөні;
  • Қатысушының қашықтығы;
  • Жеке куәлік;
  • Мүгедектікті растайтын құжаттар.

Алып жүретін адам қатысу ақысын өзі төлейді. Мүгедектігі бар қатысушыларға арналған слоттар саны шектеулі. Барлық тегін слоттар алынып қойған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті мүгедектігі бар қатысушыға тегін қатысу мүмкіндігін бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

  8. ELITE КЛАСТЕРІНЕ БІЛІКТІЛІК АЛУ

 

            8.1.           

Elite — алдын ала расталған біліктілік уақыты бар қатысушыларға арналған жеке сөрелік кластер.

            8.2.           

42 км 195 м, 21 км 97,5 м қашықтықтарында спорт шарасының элиталық санатына қатысушыларды тіркеу https://almaty-marathon.kz сайтында электронды тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

            8.3.           

Элиталық санатқа өту үшін қатысушы немесе оның ресми өкілі 2026 жылғы 28 тамыз күнгі сағат 18:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) https://almaty-marathon.kz сайтында тіркеліп, Elite кластерін таңдауы қажет. Өтінімге біліктілік уақытын растайтын нәтижелерді тіркеу қажет. Ұқсас қашықтыққа өтінім бергенге дейінгі 3 (үш) жыл ішінде өткен жарыстардың нәтижелері ескеріледі. Өтінім модерациядан өткеннен кейін қатысушының электронды поштасына Elite кластеріне қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама жіберіледі.

            8.4.           

Жаттығудың мобильді қолданбада жазылуы растау болып табылмайды.

            8.5.           

42 км 195 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:

  • Ерлер — марафонда 3:00:00-ге дейін.
  • Әйелдер — марафонда 3:50:00-ге дейін.

 

8.6.

 

21 км 97,5 м қашықтығында элиталық санатқа қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:

  • Ерлер — жарты марафонда 1:20:00-ге дейін.
  • Әйелдер — жарты марафонда 1:45:00-ге дейін.

8.7.

 

10 км қашықтығында жылдам кластерге қосылуға үміткерлер үшін біліктілік уақыты:

  • Ерлер — 10 км қашықтығында 00:38:00-ге дейін.
  • Әйелдер — 10 км қашықтығында 00:45:00-ге дейін.
   

  9. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ

 

            9.1.           

Қатысушыларға сөрелік жинақтар 2026 жылғы 25-26 қыркүйекте, сағ. 10:00-ден 20:00-ге дейін беріледі. Беру орны: Алматы қаласы. Беру орнының нақты мекенжайы Ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында кейінірек хабарланады.

Назар аударыңыз! Қатысушыларға сөрелік жинақтар басқа күндері берілмейді.

            9.2.           

Сөрелік жинақ қатысушының жеке өзіне беріледі. Басқа қатысушының орнына жинақ алуға тыйым салынады.

            9.3.           

Қатысушының сөрелік жинағына сөрелік нөмір, нәтижені тіркеуге арналған чип, сөмке және түйреуіштер кіреді.

            9.4.           

Корпоративтік қатысушылар сөрелік жинақтарын 2026 жылғы 25-26 қыркүйек күндері, осы Ереженің 9.1-тармағында көрсетілген сөрелік нөмірлерді беру уақытында ала алады. Жинақты алу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын немесе электронды нұсқасын, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы қолхатты көрсету қажет. Басқа қатысушылардың орнына сөрелік жинақтарды алуға тыйым салынады.

 

9.5.

 

Спорт шарасына қатысушылар мына құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі: 18 жасқа толмаған қатысушылар үшін:

  • Жеке куәлігі (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы) / Туу туралы куәлігі (қағазға басып шығарылған);
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының (қамқоршыларының) Жарысқа қатысуға рұқсат беретіні туралы қолхаты (қағазға басып шығарылған);
  • Қолхатқа өз қолымен қол қойған ата-анасының немесе қамқоршыларының (қамқоршысының) жеке куәліктері (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы).

18 жастан асқан қатысушылар үшін:

  • Жеке куәлігі (түпнұсқасы немесе электронды нұсқасы);
  • Денсаулығы туралы қолхаты (қағазға басып шығарылған немесе онлайн қол қойылған).

Қатысушылар денсаулық туралы қолхатқа Ұйымдастыру комитетінің сайтында онлайн қол қоя алады немесе сөрелік жинақтар берілетін күні QR кодын сканерлеу арқылы қол қоя алады.

Электронды қолтаңбамен қол қою үшін ЭЦҚ белсенді кілттерімен EGOV mobile қолданбасын пайдалану қажет. Электронды қолхат болған жағдайда, қағаз нұсқасы қажет болмайды.

9.6.

 

Ақысы төленген футболкалар/лонгсливтер сөрелік жинақтар берілетін күндері сөрелік конвертті ұсынған жағдайда беріледі. Аталған күндері футболкасын/лонгсливін алып үлгермеген қатысушылар оны спорт шарасы өткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде алып кете алады. Футболкалар/лонгсливтер Ұйымдастыру комитетінің кеңсесінде болады.

9.7.

 

Басқа жағдайлар 2026 жылғы 14 қыркүйек күнгі сағ. 12:00-ге дейін (Алматы қ. уақытымен) info@almaty-marathon.kz электронды поштасына өтінім берген кезде жеке қарастырылады.

 

 

 

  10. ЭКИДЕН

 

            10.1.           

Экиден командалық эстафетасына 15 жастан асқан адамдар қатыса алады. Команда 6 (алты) адамнан тұрады, олардың әрқайсысы өз бөлігін жүгіріп өтеді. Команда құрамында кем дегенде бір әйел міндетті түрде болуға тиіс.

            10.2.           

Әр команда 5 км, 10 км, 5 км, 10 км, 5 км, 7 км 195 м бөліктеріне бөлінген 42 км 195 м қашықтығын жүгіріп өтуге тиіс.

            10.3.           

Екі және одан көп командада қатысуға, сондай-ақ спорт шарасы жолының бірнеше бөлігін жүгіруге тыйым салынады.

 

10.4.

 

Экиден командасы мен басқа қашықтықтарға бір спорт шарасы шеңберінде қатысуға тыйым салынады.

10.5.

 

Экиден эстафетасына қатысу құны команда үшін 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.

10.6.

 

Экиден командалық эстафетасына командаларды тіркеу https://almaty-marathon.kz сайтында 2025 жылғы 11 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 07 қыркүйекте немесе Экиден командаларының саны 110-ға (бір жүз онға) жеткен кезде аяқталады. Толық ақпарат алу үшін info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жазуларыңызды сұраймыз.

10.7.

 

Эстафетаны табыстау орындары:

  • 1-ші қатысушы (сөре) - Республика алаңы
  • 2-ші қатысушы - әл-Фараби даңғылы, Қожанов көшесінің бұрышы
  • 3-ші қатысушы - Абай даңғылы, Тілендиев көшесінің бұрышы
  • 4-ші қатысушы - Сәтбаев көшесі, Масанчи көшесінің бұрышы
  • 5-ші қатысушы - Саин көшесі, Торайғыров көшесінің бұрышы (айналма жолға дейін)
  • 6-шы қатысушы - Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің бұрышы

 

 

 

  11. СПОРТ ШАРАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

            11.1.           

Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:

  • 42 км 195 м қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі — 6 сағат 00 минут. 42 км 195 м қашықтығында бірінші айналымды (бірінші жартысын)

3 сағаттан артық уақытта жүгіріп өткен қатысушы екінші айналымға жіберілмейді.

  • Бүкіл команданың Экиден қашықтығын жүгіріп өтуіне арналған уақыт шектеуі

— 6 сағат 00 минут.

  • 21 км 97,5 м қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі — 3 сағат 00 минут.
  • 10 км қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі — 2 сағат 00 минут.
    • Скандинавиялық жүріс қашықтығын жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеуі — 2 сағат 00 минут.

 

  12. САҚТАУ КАМЕРАСЫ

 

            12.1.           

Қатысушылар сақтау камерасына өз заттарын сөрелік жинақтар берілетін күндері алған 2026 жылғы «Almaty Marathon» жарысының брендтік сөмкелерімен ғана өткізе алады.

            12.2.           

Ұйымдастырушы қатысушы сөмкесінің ішіндегі заттардың сақталуына жауапты болмайды.

            12.3.           

Сақтау камерасына шабадандар, ірі көлемді сөмкелер және брендтік сөмкеге салынбаған басқа да заттар қабылданбайды.

            12.4.           

Ұйымдастыру комитеті сөмкелердегі заттардың жоғалғаны туралы кінәрат-талаптарды қарастырмайды. Қатысушыларға бағалы заттарды, қолма-қол ақшаны және әшекейлерді сақтау камерасына өткізбеуге кеңес беріледі.

 

 

 

  13. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ

 

            13.1.           

Қашықтықтар бойынша жарыс қатысушыларының нәтижелерін Жарыстың электронды хронометраж жүйесі тіркейді және төрешілер алқасы растайды. Қашықтықтар бойынша жарыс жеңімпаздары мәреге жету уақыты бойынша анықталады.

            13.2.           

Қашықтықтар бойынша жарыс жеңімпаздары World Athletics ережелеріне сәйкес анықталады.

            13.3.           

Ресми нәтижелер шараның ресми жабылуынан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде https:// almaty-marathon.kz сайтында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпарат алса, ол жарыс өткен орында тексеру жүргізіп, фото- және бейнетіркеу материалдарын талдауға құқылы. Ереже бұзылғаны расталған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті қорытынды хаттаманы өзгертуге құқылы, бұл қатысушылардың нәтижелерін қайта қарауды, олардың нәтижелерін жарамсыз деп тануды немесе Жарыс ережесіне және World Athletics (бұдан әрі — WA) ережесіне сәйкес басқа да санкцияларды қамтуы мүмкін.

 

13.4.

 

Қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір кеуде тұсында немесе бел буатын белдікте дұрыс бекітілген жағдайда ғана тіркеледі.

13.5.

 

Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда қатысушылардың жеке нәтижелері тіркелетініне кепілдік бермейді:

  • Чип дұрыс бекітілмегенде.
  • Чип магнитсізденгенде.
  • Чип киіммен немесе басқалай жабылғанда.
  • Қатысушы төрешілер алқасының шешімі бойынша жарыстан шеттетілгенде.
  • Қатысушы чипті зақымдап алғанда.

13.6.

 

Өз нәтижесін қалай түсінуге болады — терминология:

  • DNS - Did not start (қатысушы сөреге шықпады).
  • DNF - Did not finish (қатысушы мәреге жетпеді).
  • DSQ - Disqualified (қатысушы Жарыстан шеттетілді).
  • CR - Championship Record (жарыстар рекорды).
  • GUN TIME - қатысушының мәреге жету уақыты. Сөре белгісінің берілуінен бастап қатысушының мәре төсеніштерін кесіп өтуіне дейінгі уақыт.
    • CHIP TIME - қатысушының жеке уақыты. Қатысушының сөре төсеніштерін кесіп өтуінен бастап мәре төсеніштерін кесіп өтуіне дейінгі уақыт.

МАҢЫЗДЫ! ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТЫСУШЫНЫҢ GUN TIME МӘРЕГЕ ЖЕТУ УАҚЫТЫ БОЙЫНША АНЫҚТАЛАДЫ.

   

  14.ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

 

            14.1.           

Марафон (42 км 195 м) — ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жеңімпаздар ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы жүлде алады. Осы қашықтықтағы абсолюттік есептегі жеңімпаздар жас санаттарында марапатталмайды.

Бұған қосымша, ерлер мен әйелдер арасында жарыс жолында рекорд орнатқан қатысушыларға ақшалай сертификат қарастырылған.

 

14.2.

 

Марафон (42 км 195 м) — ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады.

Осы қашықтықтағы жеңімпаздар грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.3.

 

Жарты марафон (21 км 97,5 м) — ер және әйел қатысушылар абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін марапатталады.

Жеңімпаздар ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.4.

 

10 км қашықтыққа жүгіру — ер және әйел қатысушылар жас санаттарындағы 1-3 орындар үшін марапатталады. Осы қашықтықтағы жеңімпаздар ақшалай сертификат, грамота, медаль және бағалы жүлде алады.

14.5.

 

Экиден эстафетасы - абсолютті біріншіліктегі 1-3 орындар үшін командалар марапатталады. Осы қашықтықтағы жеңімпаздар ақшалай сертификат, кубок және бағалы жүлде алады.

14.6.

 

Скандинавиялық жүріс қашықтығында марапаттау болмайды.

14.7.

 

Белгіленген уақыт шегінде мәреге жеткен барлық қатысушылар мәрешінің естелік медалін алады.

14.8.

 

14.8.1.

 

Ресми марапаттау салтанаты кезінде қатысушылардың сахнаға өз елдерінің, жүгіру клубтарының туларымен немесе Жарысқа қатысушының ұлттық, саяси белгісін немесе белгілі бір клубқа тиесілілігін көрсететін басқа да символикамен шығуына тыйым салынады.

14.8.2.

 

Бұл талап Жарыстың спорттық жүгіру жарысы форматында өтетініне және саяси, қоғамдық- саяси немесе өкілдік қызметке қатысы жоқ екеніне байланысты енгізілді. Шектеу барлық қатысушылардың бейтарап және тең мәртебесін қамтамасыз етуге бағытталған.

14.8.3.

 

Осы талаптар бұзылған жағдайда, Ұйымдастыру комитеті құқылы:

  • қатысушыны марапаттау рәсіміне қатысудан шеттетуге;
  • ереже бұзу жойылғанға дейін қатысушының сахнаға шығуына жол бермеуге;
  • қатысушыны жарыстан шеттетуге және/немесе оның нәтижесін шара мәрешілері хаттамасынан алып тастауға дейін тәртіптік шара қолдануға.

 

14.8.4.

 

Ұйымдастыру комитетінің осы Ережеде қабылданған шешімдері түпкілікті шешім болып табылады және оны барлық қатысушылар міндетті түрде орындауға тиіс.

14.9.

 

Ақшалай жүлделер шара өткеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаражатты жеңімпаздың жеке банк шотына аудару арқылы беріледі. Ақшалай жүлдені алу үшін жеңімпаз шара өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына құжаттарды жіберуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының резиденттері үшін: банк шотының болуы туралы анықтаманы және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін.
  • Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ қаражатты алу үшін шот ашылған банк туралы мәліметтерді — оның атауын, бөлімше орналасқан қала мен мекенжайды көрсету.

Құжаттарды info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберу қажет.

14.10.

 

Қатысушы жүлделі орынды иеленгені үшін сыйлығын спорт шарасы кезінде алып кетпеген жағдайда, ол оны Ұйымдастыру комитетінің кеңсесінен шара өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алып кете алады. Қатысушы сыйлықтарды өзі алып кете алмайтын болса және сенім білдіретін адамына тапсыра алмаса, сыйлықтарды алушының есебінен жіберуге болатын мекенжайды көрсетіп, Ұйымдастыру комитетінің info@almaty-marathon.kz электронды поштасына хат жазуы керек. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасының резиденттеріне ғана беріледі.

14.11.

 

14.9-тармақта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға сыйлықтарды бермеу құқығын өзіне қалдырады.

 

  15. ЖАРЫС МАРШРУТЫНДА ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Спорт шарасы World Athletics (бұдан әрі — WA) ережелері бойынша өткізіледі.

            15.1.           

Біздің ұсынымдарымыз:

  • Екі және одан көп қатысушылармен бір қатарда жүгірмеу.
    • Жай жүруге көшкенде жолдың оң жағын ұстану. Мыналарға тыйым салынады:
      • Арбадағы спортшылардан және балаларға арналған арнайы жүгіру арбалары бар қатысушылардан басқа барлық адамдарға кез келген механикалық көлік құралдарын (самокат, велосипед, роликтер және т.с.с.) пайдалануға.
      • Құлаққап тағып қатысуға. Қатысушы басқа жүгірушілердің, төрешілердің, ұйымдастырушылардың және спорт шарасын ұйымдастыруға тартылған адамдардың ескертулерін естуге міндетті.
      • Жануарларды бірге алып келуге.
      • Ішімдікке немесе есірткіге мас болып қатысуға.
      • Басқа қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін кез келген заттарды алып қатысуға.
      • Серуендеу арбаларымен қатысуға.
        • Трассада тоқтауға. Өзін нашар сезінген жағдайда, қатысушы мүмкіндігінше шараның басқа қатысушыларының қозғалысына кедергі келтірмей, тоқтап, жол шетіне шығуы қажет.
        • Қатысушылардың қозғалысына және жарысты ұйымдастыруға кез келген басқа да тәсілдермен кедергі жасауға.
        • Қатысушы тамақ немесе сусын алып жатқан кезде команданың ресми тұлғалары мен басқа да адамдардың ешқайсысы қатысушының жанында болуға, жүруге, жүгіруге құқылы болмайды.
        • Ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шеттетіледі.

 

  16. ЖАРЫСТАН ШЕТТЕТУ

 

            16.1.           

Ұйымдастыру комитеті мына жағдайларда қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы:

  • Қатысушы жүгіруді сөре ресми түрде басталмай тұрып бастағанда.
  • Қатысушы жүгіруді сөре аймағы жабылғаннан кейін бастағанда.
  • Қатысушы сөреге сөрелік нөмірсіз шыққанда.
  • Қатысушы шараның Ұйымдастыру комитетінің, төрешілерінің немесе бас дәрігерінің нұсқаулары мен ескертулеріне назар аудармағанда.
  • Қатысушы шара ережелерін бұзғанда.
  • Қатысушы 2 (екі) қашықтықта немесе екі және одан көп команданың құрамында жүгіргенде, бұл қатысушының да, командалардың да жарыстан шеттетілуіне алып келеді.

            16.2.           

Медициналық көрсетімдерге байланысты жарыс төрешілері берген немесе олардың бақылауымен берілген жағдайлардан басқасында, тамақты немесе суды ресми тамақтану орнынан басқа жерде алған қатысушы жарыстан шеттетіледі.

            16.3.           

Ұйымдастыру комитеті Жарыс кезінде бейнекамера, мобильді телефон немесе смартфон, радио, плеер, құлаққап және басқа да аппаратура қолданған қатысушыны жарыстан шеттетуге құқылы.

            16.4.           

Спорт шарасына қатысушылар мына жағдайларда қорытынды хаттамадан шығарылады:

  • қатысушы басқа адамға тіркелген нөмірмен жүгіргенде;
  • қатысушы қашықтықты қысқартқанда;
  • қатысушы өтінім берілмеген қашықтықты жүгіргенде;
  • қатысушы механикалық көлік құралын (велосипедті, самокатты, басқаларын) пайдаланғанда;
  • қатысушы жүгіруді сөре аймағынан тыс бастағанда;
  • қатысушы жүгіруді өз кластерінен бастамағанда;
  • қатысушы нақты жарыстың ресми нөмірінсіз жүгіргенде немесе нөмір киімнің астында жасырылғанда;
  • қатысушы осы Ереженің қағидаларын бұзғанда.

            16.5.           

Қатысушы шараны ұйымдастырушыларға, төрешілерге және волонтерларға қатысты әдепсіз, дөрекі немесе қорлайтын сөздерді қолданғаны үшін жарыстан шеттетілуі мүмкін.

 

16.6.

 

Қатысушыларға рұқсат етілмеген саяси, әлеуметтік және басқа да митингілер өткізуге, арандатушылық үндеулер жасауға, саяси үгіт-насихат жүргізуге, наразылық акциялары мен демонстрациялар ұйымдастыруға, сондай-ақ саяси немесе әлеуметтік бағытқа байланысты кез келген атрибуттар мен логотиптерді қолдануға тыйым салынады. Осы тармақты бұзғаны үшін қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

 

 

  17. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ

 

            17.1.           

Төрешілер алқасы ережелердің сақталуын бақылайды, қатысушылар арасында спорт жарысының әділ және шынайы өтуін, сондай-ақ жеңімпаздардың объективті түрде анықталуын

қамтамасыз етеді. Шарада қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері төрешілер алқасының құрамына кіреді.

            17.2.           

Спорт шарасының төрешілер алқасының құрамына мыналар кіреді:

  • Бас төреші.

Бас төреші міндеттерді төрешілер арасында бөліп, шара аяқталғаннан кейін Ұйымдастыру комитетіне қорытынды есепті ұсынады.

  • Бас хатшы

Бас хатшы хаттамаларды өңдейді және нәтижелерді қорытады, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді шараның барысы туралы хабардар ету үшін қажет материалдарды уақтылы дайындайды, ал шара аяқталғаннан кейін жалпы есепті құрастырады.

  • Сөре-мәре аймағының төрешілері.

Сөре-мәре аймағының төрешілері қатысушылардың кластерлерге сәйкес қашықтыққа дұрыс шығуын қадағалайды, сөре ережелерінің сақталуын және әділетсіз артықшылықтың болмауын бақылайды.

Мәреде төрешілер алғашқы 50 (елу) мәрешіні хаттамаларға тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді хронометраж жүйесімен салыстырып тексеру үшін Бас төрешіге ұсынылады.

Төрешілер алқасының құрамына кәсіби спортшылар мен мамандар шақырылуы мүмкін.

            17.3.           

Бас дәрігер.

Бас дәрігер жарыс жолында және сөре-мәре қалашығында медициналық қызметкерлер мен волонтерлердің жұмысына жетекшілік етеді. Қажет болған жағдайда, Бас дәрігер кез келген қатысушыны қашықтықтан алып тастай алады.

 

  18. ФОРС-МАЖОР

 

            18.1.           

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары немесе басқа да уәкілетті қызметтері, соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары спорт шарасын өткізуге ресми тыйым салған жағдайда, спорт шарасы кейінірек өткізіледі. Қатысушылардың осыған дейін төлеген барлық сөрелік жарналары автоматты түрде шара өтетін жаңа күнге ауыстырылады. Шараның нақты өтетін күні осы Ереженің 22-бабында көрсетілген Ұйымдастыру комитетінің ақпараттық дереккөздерінде қосымша жарияланады және қатысушылардың тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштасына жіберіледі.

            18.2.           

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты Жарыстың шетелдiк қатысушысы жарыстың басталу қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өте алмаған және оған қатыса алмайтын

жағдайда, ол Ұйымдастыру комитетіне өзінің сөрелік жарнасын 2027 жылғы «Almaty Mara- thon» жарысына ауыстыру туралы өтінім беруге құқылы.

Өтінім info@almaty-marathon.kz электронды мекенжайына жіберілуге тиіс.

 

 

 

  19. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ-ТАЛАПТАР

 

19.1.

 

Наразылықтар Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды төрешілер алқасы қарайды.

19.2.

 

Қатысушы спорт шарасы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде кінәрат-талап қоюға құқылы.

Кінәрат-талаптар info@almaty-marathon.kz электронды поштасына жіберіледі. Кінәрат-талап қою кезінде қатысушы мына деректерді көрсетуі қажет:

  • қатысушының аты-жөні (анонимді өтініштер қаралмайды);
  • кінәрат-талаптың мәні;
  • кінәрат-талап қою негіздері (фотосурет немесе бейнежазба).

19.3.

 

Ұйымдастыру комитеті кінәрат-талап және/немесе наразылық алынған мезеттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресми жауап дайындап, оны кінәрат-талап/наразылық берілген электронды мекенжайға жолдайды.

 

19.4.

 

Кінәрат-талаптар спорт шарасының қатысушыларынан ғана қабылданады.

 

 

 

  20. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

 

            20.1.           

Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу үшін 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін pr- manager@almaty-marathon.kz электронды поштасына деректерді (БАҚ атауы, тілшінің, оператордың, фотографтың аты-жөні, байланыс телефоны және e-mail адресі) жіберу қажет.

 

 

 

  21. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН АККРЕДИТТЕУ

 

21.1.

 

«Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы жыл сайынғы есепті, соның ішінде қайырымдылық жобаларының жүзеге асырылуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және https://almaty-marathon.kz сайтында жариялайды.

21.2.

 

Өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес, «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры спорттық жиындарды өткізуге, жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсетуге және емделуге көмек көрсетуге сұранымдарды қарастырмайды.

 

  22. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

 

            22.1.           

Шара туралы толық ақпарат almaty-marathon.kz сайтында, сондай-ақ Ұйымдастыру комитетінің келесі әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған:

Спорт шарасының Ұйымдастыру комитеті басқа ақпараттық ресурстарда жарияланған ақпарат үшін жауапты болмайды.

 

 

 

  23. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҒЫ

 

23.1.

 

Спорт шарасы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың: спорт жарысының бейнежазбасын және (немесе) дыбысын кез келген тәсілмен және кез келген технологияның көмегімен трансляциялаудың, сондай-ақ трансляцияны бейнежазбаға түсірудің айрықша құқығы «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қорына (бұдан әрі — Құқық иесі) тиесілі. Құқық иесі спорт жарысы туралы ақпаратты жариялау құқығын үшінші тұлғаларға беру туралы жазбаша шарттар жасасуға құқылы.

 

 

 

  24. ЖАРЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖАРИЯЛАУ ҚҰҚЫҒЫ

 

24.1.

 

Осы Ереже спорт шарасына қатысуға ресми шақыру болып табылады.

24.2.

 

Жазатайым оқиғалар, жеке заттардың жоғалуы немесе мүліктің зақымдануы салдарынан спорт шарасына қатысушыларға келген залал үшін Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді.

 

            24.3.           

Қатысушылардың денсаулығы, сондай-ақ дайындық барысында немесе спорт шарасын өткізу кезінде туындаған жарақаттар, аурулар немесе басқа да медициналық мәселелер үшін Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Әрбір қатысушы өз денсаулығы мен жай-күйі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады және қажет болған жағдайда Жарысқа қатысар алдында медициналық тексеруден өтуге міндеттенеді.

            24.4.           

Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.